Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Нұр Отан» париясының «Үздік қоғамдық қабылдау» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
13.12.2016ж. 20:00
2846
«Нұр Отан» париясының «Үздік қоғамдық қабылдау» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Осы жылдың өткен 11 айында Республика бойынша «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларына 214 мыңнан астам адам түйіткілді мәселелерімен келіп, олардың 22 пайызы оң шешімін тапқан. Тағы 71 пайызына заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті. Осы орайда бүгін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында  «Үздік қоғамдық қабылдау» республикалық байқауының жеңімпаздары, үздік бастауыш пария ұйымдары және үздік жемқорлыққа қарсы карикатура салған суретшілер марапатталды. Шараның мақсаты - жақсы жұмыс істеп, елге қайырымы тиген партия ұйымдарын өзгелерге үлгі-өнеге ретінде көрсету.

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданының партия бөліміне биылғы жыл шамамен 367 адам арыз-шағымын арқалап келіп, олардың 70 пайызы оң шешімін тапқан екен. Жігерлі жұмыс жасап, бұқараның жетекші партияға сенімін арттырғаны үшін аталмыш партия  ұйымы жүлдеге лайық деп танылып отыр.

Қуат Байғожаев, «Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының орынбасары:

Біздің партияға деген аудан жұртшылығының, халықтың сенімі артып келе жатыр. Өйткені әр қаралған мәселеде адамның тағдыры бар. Оны оңды шешу үшін зерделей отырып, соны тиесілі мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлермен кеңесе отырып, жұмысымызды алға жүргізе береміз.

Мұнан өзге партия марапатының қатарына биыл «Үздік депутат», «Үздік мемлекеттік орган», «Үздік қызметкер» сияқты жаңа номинациялар да еніп отыр. Шараның, әсіресе, айшықты тұстарының бірі - ол сыбайлас жемқорлықтың зиянын көрсететін карикатуралық сурет. Биыл дәл осы бағытта қылқалам сермегендер көп. Бірақ бас бәйгені ойын шебер жеткізген Алматы облысы Суретшілер одағының төрағасы Ермұхан Жүнісханұлы еншіледі.

Ермұхан Жүнісхан, шараның жеңімпазы:

Мынау біздің қоғамдағы келеңсіз жағдай - сыбайлас жемқорлық деген нәрселерге - соларды бір әжуа қылдырып, екінші рет қайталамайтындай, алған адамдардың өздеріне ауыр соққы болатындай етіп жеткізуге тырыстық.  Суретшілер - қоғамның белсенді мүшелері, әрқашанда жемқорлыққа қарсы осылай ойымызды жеткізіп отырамыз.