Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"INFOMATRIX-ASIA" халықаралық компьютерлік жобалар жарысы аяқталды

19.12.2023ж. 20:00
582
"INFOMATRIX-ASIA" халықаралық компьютерлік жобалар жарысы аяқталды

"INFOMATRIX-ASIA" халықаралық компьютерлік жобалар жарысы мәреге жетті. Астанада өткен білім сайысына әлемнің 5 мемлекетінен 450-ге жуық оқушы қатысты. 70 жетекші тіркеуден өтті. Жобаға қатысу үшін 500 жуық өтінім түскен. Оның 184-і іріктеп алынды. Қатысушылар 6 бағыт бойынша бақ сынасты. Жүзден жүйрік шыққан оқушылар медальдармен, арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ ең үздік деп танылғандар еліміздегі белгілі жоғары оқу орындарының грантына ие болды. Сайыстың мақсаты- IT саласында ғылыми зерттеу қабілеттеріне қызығушылық танытатын дарынды жастарды қолдау және дамыту.

Қуат Қожахметов, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»ХҚҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл жарысқа 20 мемлекеттей қатысып келе жатыр Азия мемлекеттерінен. Енді біз қазіргі 4-5 мемлекет келіп жатыр. Оның ішінде Гонконг сияқты, Түркіменстан, Қырғызстан секілді біздің көрші мемлекеттер бар. Азия турнирі жылына бір рет өтеді. Бұлар ең мықты жобалар әрі қарай финалға Руменияға автоматский аттанады.

Дания ИГІСІНОВА, ТАРАЗ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙІНІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Осы жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Екінші орын алдым және грант алдым. Абылай Айтмаз деген дерекшісна қатыстым. Ол жақта уравлених деген есептер шығаруға ппликация ойлап таптым. Қиыншылықтар стендты ухожать етуге баға берілді. Қалай қорғауға баға берілді. Және проектіні түсінесің ба, түсінбейсің ба? Соған баға берілді. Қиыншылықтар осы болды. Бірақ өтіп шыққаныма қуаныштымын.