$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Ресми Астана БТА банктің экс-басшысын сот алдына тартып, тұтқындалуына қол жеткізбек

AstanaTV
14.12.2016ж. 20:00
2676
Ресми Астана БТА банктің экс-басшысын сот алдына тартып, тұтқындалуына қол жеткізбек

Бас прокуратура экс-банкир Мұхтар Әблязовты ұстап, сот алдында жауап беруіне қол жеткізбек. Бүгін ведомство осындай ресми мәлімдеме таратты.

«Әблязовқа қатысты қылмыстық іс аяқталған жоқ. Келтірілген шығын өтеліп, әділдік орнамай, тергеу жұмыстары жалғасады. Қазақстандық құқық қорғау органдары Мұхтар Әблязовты мүлікті жымқыру және талан-таражға салу, қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру, банк қаражаттарын заңсыз пайдалану, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны үшін айыптап отыр. Қылмыстық іс 160 эпизодты құрап, ең ірі экономикалық қылмыстар қатарында қаралады. Жымқырылған сомманың жалпы көлемі 7,5 млрд доллар».

Айта өтейік, Әблязов Франция билігімен 2013 жылдың 13 шілдесінде қамауға алынған. Қазақстан, Ресей мен Украина экс-банкирді экстрадициялауға жеке -жеке өтініш берген еді. Алайда 9 желтоқсан күні оның бостандыққа шыққаны белгілі болды. Франция билігінің шешімін Ресей бас прокуратурасы "негізсіз әрі халықаралық нормаларға сай емес" деп мәлімдеді. Ресей тарапы Мұхтар Әблязовты алаяқтық жолмен 5 миллиард АҚШ долларын жымқырды деп айыптап отыр. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА