Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Күйеу баласын өлтірді

AstanaTV
21.12.2023ж. 16:14
616
Күйеу баласын өлтірді

Атырау облысында 57 жастағы әйел күйеу баласын пышақтап тастады. Жарақат салдарынан 27 жастағы азамат көз жұмды,-деп хабарлайды ASTANA TV.

Оқиға Құлсары қаласында болған. Марқұм күдіктінің қызымен азаматтық некеде тұрыпты. Полиция департаментінің ақпаратынша, ол бұған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша екі рет жауапкершілікке тартылған. Қаңтар, сәуір айларында 2 және 5 күн қамауда болыпты. Қазір күйеу баласын өлтірген ене Жылыой ауданындағы уақытша ұстау изоляторында. Полицейлер жанжалдың неден туындағанын анықтап жатыр. 

"Қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1 -бөлігімен тергеу амалдары басталып кетті. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. +Қаза тапқан азаматтың әйелінен, көршілерінен барлығынан жауаптар алынып, қылмыстың құрамы тергелуде", - облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы  Мейірім Ердәулет.