$444.3 €490.91 ₽5.41

Тұрғын үй опырылды: анасы мен екі баласы үйінді астынан шығарылды

15.11.2026ж. 05:55
Тұрғын үй опырылды: анасы мен екі баласы үйінді астынан шығарылды
Фото: BILD

Тұрғын үй опырылып, 8 адам қаза тапты: анасы мен екі баласы үйінді астынан аман шықты, деп хабарлайды Astana TV.

CBS News басылымының ақпаратынша, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында үш қабатты тұрғын үй құлаған.

Қайғылы оқиға Бруклин ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша, ғимарат іргесіндегі құрылыс алаңында қазылған шұңқырға қарай опырылып түскен. Соның кесірінен көршілес тұрған тағы бір үйдің қабырғасы бүлінген.

Құтқарушылар үйінді астынан бір әйел мен оның екі баласын аман алып шықты. Алайда анасының жағдайы ауыр, ал балаларының біріне шұғыл ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылды.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыс істеп, іздеу шараларына арнайы үйретілген иттер де тартылды. Қауіпсіздік мақсатында маңайдағы үйлердің тұрғындары уақытша эвакуацияланды.

Соңғы деректерге сәйкес, апаттан барлығы 8 адам қаза тауып (оның ішінде екі бала мен екі құрылысшы бар), 18 адам түрлі жарақат алған. Қазіргі уақытта мамандар ғимараттың құлау себебін анықтап жатыр. Негізгі нұсқа ретінде жақын маңда жүргізілген құрылыс жұмыстары қарастырылуда.