Мерекелік кезеңде адамдардың қырағылығы айтарлықтай төмендейді. Жаңа жыл мерекесін өрт сияқты келеңсіз жайт басып қалмас үшін ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды кезіңде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске саламыз. Біріншіден ұйым басшылары жаппай мерекелерді өткізу кезінде келесіні ескерту керек. Ол іс-шараларды өткізу үшін кемінде екі эвакуациялық шығулары бар терезеде торлары жоқ. Және екінші қабаттан жоғары емес орналасқан үй жайларды ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Бөлмелерде, ғимаратттардың ішінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады. Жаңа жылдық мерекелер жылдан жылға біздің қызметіміз үшін үлкен жауапкершілік кезеңге айналады. Әдетте бұл қарапайым қауіәпсіздік шараларын сақтамай азаматтар өз үйлерінің жанында тіпті де кейде өз үйлерінің ішінде от шашуларды жағады. Шыршаларды ақаулары бар электроларымен безендіреді. Балаларды қараусыз қалдыру. Ал, кейбір жағдайларда іс-шараларды ұйымдастырушылар тіпті адамдардың өліміне соқтыру мүмкін бұзушылықтарды жасайды.