Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Сарапшылар жанар-жағармай бағасы жаңа жылдан кейін де өсетінін болжады

AstanaTV
15.12.2016ж. 20:00
2335
Сарапшылар жанар-жағармай бағасы жаңа жылдан кейін де өсетінін болжады

Бір жылдың ішінде өтімді АИ-92 бензинінің бағасы айтарлықтай өсті. Ресми деректерге қарағанда, өндірушілердің бағасы 13,7 пайызға көтерілген.  Қазір бұл отын 133 пен 140 теңге аралығында. Сарапшылар жаңа жылдан кейін бензиннің де, дизельді отынның да бағасы өсе беретінін айтады.

Камилла Манакова, мұнай-газ саласының сарапшысы:

Сұранысқа ие АИ-92 жанармайының 1 литрі 150 теңге болады деген болжам бар. Ал тапшылықты жою үшін мұнай өңдейтін қосымша зауыт салу мәселесіне келетін болсақ, оған үздіксіз шикізат жеткізіп тұру керек. Компанияларға баға жағынан зауытқа сату тиімсіз болса, оны қайдан аламыз? Сондықтан шикізатты өңдеуге жеткізу қаржылық тұрғыдан тиімді болмай, қосымша зауыт салу туралы сөз қозғау орынсыз.

Бензин бағасы ғана емес, АҚШ Федералды жүйесінің базалық ставканы көтеруі, тиісінше, доллардың қымбаттауының салдары туралы сенбі, 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар!