Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

2023 жылдың үздік футболшысы анықталды

AstanaTV
23.12.2023ж. 11:37
510
2023 жылдың үздік футболшысы анықталды

Норвегия құрамасының және "Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд The Guardian басылымының нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Норвегиялық спортшы биыл "Манчестер Ситимен" бірге треблді жеңіп алды: Ағылшын премьер-лигасы, кубок, сонымен қатар Чемпиондар лигасы. Екінші орында мадридтік "Реалдың" 20 жастағы жұлдызы Джуд Беллингем тұр. Үздік үштікті "Пари Сен-Жерменнің" француз шабуылшысы Килиан Мбаппе қорытындылады. The Guardian нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік 10 ойыншысы: Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") Джуд Беллингем ("Боруссия"/"Реал") Килиан Мбаппе ("ПСЖ") Гарри Кейн ("Тоттенхэм"/"Бавария") Родри ("Манчестер Сити") Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид") Мохамед Салах ("Ливерпуль") Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити") Виктор Осимхен ("Наполи") Лионель Месси ("ПСЖ"/"Интер Майами") Айта кетейік, португалиялық атақты футболшы Криштиану Роналду бұл тізімде 27-орынға ие болды.