$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Қызылордалық оқушылар жоғарғы оқу орнының грант иегері атанды

Қызылордалық оқушылар жоғарғы оқу орнының грант иегері атанды

Қызылордалық оқушылар аймақтағы беделді оқу орны- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің грант иегері атанды. Олар IT бағыттағы олимпиадада 150-ге жуық оқушының арасынан үздік шыққан. Сайыс «Жастар рухы» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы және «Grant master» бағдарламалау мектебінің бастамасымен өтті. Сайысқа 7 ауданнан 45 команда қатысқан. Жарыста оқушыларға гаджттер пайдалануға және ғаламтор желісіне қосылуға тыйым салынған. Ал дайындық жұмыстарына арнайы тапсырмалар беріліп, оқушылардың білім жетілдіруіне мүмкіндік берілген. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған сайыс келесі жылы да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.

Әсетхан БАЙМҰРЗА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Басты негізі пән- информатика. Яғни IT бағыты бойынша. Бұл жерде оқушылар барлық бағдарламалар бойынша өзінің білімін шыңдап. Берілген олипиядалық есептерді компьютермен немесе ноутбугі арқылы шығарылады. Физика да, ол жерде тұрған формулалар бар. одан бөлек математиканы, ойлау қабілеті, есептеу қабылетін қажет етеді.

Шұғыла НҰРҒАЛИЕВА, №144 С.ӘЛЖІКОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:

Осы уақытқа дейін дайындалып үлгердік. Яғни есеп шығаратын сайттарғы есептерді алдын ала жіберді. Сол есептер арқылы дайындалып шынықсын деп. Логикаға салсақ бұл есептер оңай.