Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"АМАNАТ" партиясының "Халықпен бірге" сайлауалды бағдарламасындағы мәселелер шешімін табуда

25.12.2023ж. 20:00
496
"АМАNАТ" партиясының "Халықпен бірге" сайлауалды бағдарламасындағы мәселелер шешімін табуда

Қостанай облысының әкімі "АМАNАТ" партиясының фракция отырысына қатысып, депутаттарға есеп берді. Жол картасы аясында атқарылған ауқымды істерге тоқталды. Партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының 72 пайызы орындалған. Тобыл бойындағы тұрғындарды толғандырған екі мәселе -жол мен су. Аймақтағы 83 ауылды сумен қамту жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Жолды жөндеуге де қомақты қаражат бөлінді деді, аймақ басшысы.

Құмар АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Ауылдағы тұрып жатқан адамдарды ең әуелі жол мен су мәселесі толғандырады.Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жөнделуіне 60 процент өсуімен 34 миллиард теңге көлемінде қаражат бекітілді.Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге біраз қаражат бөлініп жатыр.Енді халықтың талабы сапалы жөндеу.Сондықтан депутаттар бақылауды күшейту керек.