Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шымкенттік әжелер алаяққа бар жиғанын бере салған

AstanaTV
25.12.2023ж. 18:46
578
Шымкенттік әжелер алаяққа бар жиғанын бере салған

Шымкентте қарт кісілерді алдап, қаржысын иемденіп келген алаяқ ұсталды.

Алаяқтың құрбандары 73 және 68 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Екі мекенжайға да күдікті үй сатып алу мақсатында барған.

Әңгімелесу барысында отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген. Үйді тазарту рәсімін өткізу үшін алтын мен ақша сұраған. Барлық бағалы затты алған соң, оқиға орнынан бой тасалаған.

«Жәбірленушілердің айтуынша, қаскүнем гипнозды қолданған. Себебі, олар алаяққа қалай алданғанын білмейді. Күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ізін суытпай ұстады. Бұл іске жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмектесті. Алматы қаласының тұрғыны құрбандарын тек егде жастағы, сенгіш азаматтардың арасынан таңдап отырған» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.