Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Маңғыстау облысында ер адам тұрғынды пышақтап өлтірген

AstanaTV
26.12.2023ж. 12:49
545
Маңғыстау облысында ер адам тұрғынды пышақтап өлтірген

Ақшымырау ауылында 19 желтоқсанда ер адамдар арасында төбелес шығып, салдарынан ауыл тұрғындарының бірі қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Бұл туралы облыстық полиция департаменті өкілдері мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 19 желтоқсанда сағат 05:20-да Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Ақшымырау ауылындағы ауруханадан екі науқастың жарақат алғаны туралы ақпарат келіп түскен.

"19 желтоқсанда сағат 02:35 шамасында Ақшымырау ауылында ер адамдар арасында жанжал шығып, кейін төбелеске ұласқан. Салдарынан 32 жастағы ер адам пышақпен үш жәбірленушіге зақым келтірген. Олардың бірі 39 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екі адам ауруханаға жеткізілді", - деді полиция қызметкерлері. 

Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - делінген хабарламада.