Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырау облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен ер адам мен әйелді құтқарды

AstanaTV
26.12.2023ж. 12:20
439
Атырау облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен ер адам мен әйелді құтқарды

Атырау облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен әйел мен оған көмектеспек болған ер адамды құтқарды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, 25 желтоқсанда сағат 19:20 шамасында аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде белгісіз әйел мұз ойылып, суға түсіп кеткені туралы хабар келіп түскен. Аудандық полиция қызметкерлері тез арада оқиға орнына келіп жетті.

"Аталған хабарламаны естіген тәрбие және кадр бөлімшесінің инспекторы Роман Насихан жеке автокөлігімен оқиға орнына бірінші болып келген. Ол автокөліктен арқан жіп алып, мұз үстіне шыққан кезде көмекке келген ер адамның да мұз ойығына түсіп кеткенін байқаған", – делінген Polisia.kz хабарламасында.

Сол сәтте көмекке патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері көмекке келіп, суға кеткен әйел мен оны құтқаруға бел буған ер адамды ойылған мұздан алып шыққан. Жұқа мұз үстіне бір уақытта 10-ға жуық адам шыққан кезде мұз ойығы одан әрі үлкейген. Ведомство мәліметіне сүйенсек, аязды күнде мұзды суға қарамастан оқыс оқиғаға куә болып, бейжай қарамаған 1996 жылы туған азамат пен полиция қызметкерлері 1959 жылы туған әйелді жағаға шығарды. Мұзды су астында болған әйел мен қатты суықтаған ер адам жағаға шығарылған соң полиция қызметкері жедел-жәрдем қызметкерлерінің келуін күтпей, мұзды судан құтқарылғандарды жеке автокөлігіне мінгізіп, патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен аудандық ауруханаға уақытылы жеткізді. Қазіргі таңда әйел медицина қызметкерлерінің бақылауында.