Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Астанада жаңа жыл түнінде қандай іс-шаралар өтеді

AstanaTV
26.12.2023ж. 14:15
748
Астанада жаңа жыл түнінде қандай іс-шаралар өтеді

Жаңа жыл түнінде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Жаңа жыл түні» атты жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Qanay, Әли Оқапов, Ayree, Маржан Арапбаева, Ильхан Ихсан, Кенжебек Жанабілов, Диана Исмаил, Аука, Еркеш Хасен, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, «Килиманджаро» тобы, Алмас Кішкенбаев, Бейбіт Қорған және басқа да әртістер қатысады.

Сағат 23:45-те ЭКСПО алаңынан «Jibek Joly» телеарнасы тікелей эфирге шығады. Тікелей эфирде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауы көрсетіледі және мерекелік бағдарлама болады.

Сонымен қатар 31 желтоқсанда Астанада жүгіруден жаппай жарыс өтеді. Қатысушылар 2024 метр қашықтықты еңсеруді жоспарлап отыр. Басталуы сағат 21.00-де. Жарысқа қатысуға старт пакеттері 31 желтоқсан сағат 20.30-дан бастап беріледі.