Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, біреуі жанып кетті

AstanaTV
26.12.2023ж. 14:57
576
Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, біреуі жанып кетті

Қайғылы оқиға Самара-Шымкент тас жолының бойында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қайғылы оқиға кеше сағат 10.45-те Самара-Шымкент автожолының, яғни Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылының тұсында болған.

 Тас жолдың ойында Volvo және Mercedes жүк көліктері соқтығысқан. Салдарынан Volvo автокөлігі отқа оранып, жүргізушісі, яғни Түркістан облысының тұрғыны өртеніп, яғни алған жарақатынан қайтыс болған. Ал Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен Volvo автокөлігінің жолаушысы Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Әйтеке би аудандық полиция бөлімінің бастығы Ербол Сүйлейменовтың айтуынша, қазіргі таңда аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлері жолда сақ болуға шақырады.