$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ұрып тәрбиелеу «нормасы»...

AstanaTV
17.12.2016ж. 20:00
4213
Ұрып тәрбиелеу «нормасы»...

Осы аптадаеліміздегі Адам құқығы жөніндегі уәкілетті өкіл, БҰҰ-ның балалар жөніндегі жедел қоры және Еуропа Одағының өкілдері Қазақстандағы балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық туралы зерттеулерінің нәтижелерін жариялады. Сауалнама Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік жәнеОңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында, сонымен бірге Астана және Алматы қалаларында жүргізілген. 2400 ересек адам, 1829 мектеп оқушысы, түзеу мекемелеріндегі жаза өтеуші 76 бала, 31 БАҚ өкілі және 102 ресми органдар мен балалар құқықтары бойынша мамандарға сұрау салынған.

Зерттеу деректері бойынша, 6-11 сыныптағы мектеп оқушыларының 61,8 пайызы, ал түзеу мекемелеріндегі балалардың 78,9 пайызы отбасыларында зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ересек адамдардың 75,4 пайызы отбасындағы «бала тәрбиесінде таяқтауды» қолдайды екен. Мұндай «отбасылық тәрбие әдісін» оқушылардың 34,4 пайызы, түзеу мекемелеріндегі балалардың 53,9 пайызы да теріс көрмеген. Қарапайым айтқанда, баланы ұрып өсіру бізде «норма». Тіпті таяқ жейтін балалардың да сөйтіп ойлайтыны... Біз таңғаламыз – принципті түрде алғанда жақсы білім беріледі, бірақ неге қарыштап дамымаймыз, неге ғылым мен экономика қабыспайды, неге қоғамдық қатынастар нашар, неге шырпы тигізсең, лаулай жөнелетін адамдар көп, неге, неге? Менің ойымша, негенің бір себебі – тәрбиенің қожырауы. Жемқорлық, саяси бәсекенің жоқтығы, т/б себептерін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ отбасылардағы агрессия – жауыздыққа да байланысты. Жарымжан, күйгелек, күдіктенгіш, қорқақ, жасық, қатыгез - сырты бүтін, іші түтін ұрпақ өсіретіндер бар. Аз емес. Ал ондай балалар... 

Меруерт Бектемірова, психолог:

Ал, енді  бұрынғы тәрбиеге келетін болсақ, оның ешқандай жақсы, жаман тұстары бар деп бөліп  қарастыра алмаймыз. Себебі ол кезде заман басқа, адам басқа. Қазіргі заманда баланы ұрып соғудың қиындықтары өте көп.Себебі баланың жүйке жүйесі психологиялық жағдайы, оның  мектепке дайындығы, өмірге бейімделуі өте қиын болып келеді. Ұрып соққан балаңыз өзін индивид  ретінде, жеке адам ретінде өзін өте төмен санайды. Суицидке баруы мүмкін. Сондықтан да баланы ұрып соғып қатаңдықпен тәрбиелеуде оның ешқандай да сіз жақсы пайдалы жақтарын өзіңізге ала алмайсыз. Тек сіз балаңызды өзіңізден алыстатасыз, жоғалтасыз. Балаңыз кешке дейін ғаламторда, телефонда отырады. Жан-жақты дамымайды. Одан қалса, ұрысумен, жазалаумен оны қадағалаумен күнін өткізсеңіз, одан кейін ол сізге ештеңе айтпайды, сенбейді. Сондықтан баланы  рухани мүгедектіктен  шығару үшін дос болу керек, ақылшы болу керек. Әдеби  кітаптарды көп оқыту керек.