Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Талантты актрисаның пікірі. Шетелдіктердің пікірі.

AstanaTV
17.12.2016ж. 20:00
3599
Талантты актрисаның пікірі. Шетелдіктердің пікірі.

Осы күндері марапатталғандардың арасында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Айнұр Бермұхамбетова бар. Осыдан оншақты жыл бұрын ол туралы хабар жасағам. Талантты актриса. Ерекше актриса. Шоу-бизнестің «тәтті тоқашына» аумайтын, «театр-тәрбие құралы» деген қасаң пікірден аулақ, өнердің жансарайыңды толтыратынына күмәнданбайтын және соған еңбек ететін жан...

Айнұр Бермұхамбетова, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка театрының актрисасы:

Театр өнері биік өнерлердің бірі. Театрға жанымен, тәнімен, санасымен берілген актер ол тетардан шыға алмайды, оған театрды қоя тұршы, ана жерде 2, 4 мың долларға концерт келіп жатыр, соған барсаңызшы десең, ол бірінші орынға сахнаны қояды. Көпшілік айтады, сен қазіргі эстрадада жүрген әншілерді он орап алатын дауысың бар ғой деп. Иә, қызығам, кейде ән айтқым келеді. Айтамын да. Әндерім де бар. Бірақ той репертуарым жоқ...Рухани тазарғың келсе, театрға кел дейді. Театр бұл трибуна емес. Ақыл айтатын жер емес. Мораль оқитын да жер емес. Театр өнер. Кейбіреулер айтады, мына шығарманы қойдыңдар, не айтқыларың келді деп. Қандай ой салады, қандай тәрбие береді деп. Иә, ондай шығармалар бар – тәрбие беретін, дұрыс жолға салатын...Бірақ театр ақыл айтатын жер емес. Ол жерде рухани байлық сыйлайды.

Көрерменнің талғамын тәрбиелейтін ол, театр. Өй, халық түсінбейді, оған күлдіретін бірнәрсе қоя салайық дейтін де театрлар бар. Ондай режиссерлар бар. Міне, сондай дүниеден қашу керек...Касса жинайды деген ұстаныммен жүрсек, ол театр ешқашан өспейді...Көрермен ақымақ емес. Қазір көрерменнің талғамы биік. Себебі интернет бар. Әлеуметтік желілер бар. Кітаптар бар. Небір кинолар бар. Сондықтан біз көрерменнің талғамын одан әрі көтеруге бейімделуіміз керек.

Біз туралы бізде жұмыс істеп жүрген шетелдіктерден интервью алсаң, әрине, басым көбі негативті нәрсе айтпайды. Оның үстіне елшілік қызметкері болса.

Хайди Нур Хаш Фи, Индонезия елшілігінің 3-хатшысы:

Жеке басыма не ұнады дегенге келсек, ұлттық тағамдар ұнады. Сорпа, бауырсақ. Тек маған ащы тағам жетіспейді...Астанада көлік қатынасы да жаман емес. Түрім қазаққа ұқсайтын болғасын, маған қазақша, орысша сөйлеп жатады. Мен, кешіріңіз, қазақ емеспін, ағылшынша сөйлей аласыз ба, деп ақталып бағамын. Ал баратын жеріңізді таппай жүрсеңіз, адамдар тұра қалып, түсіндіріп жібереді. Ауа-райына келсек, маған оңай болмай жатыр. 30 градустық аяз деген қиын екен. Тропикалық елден келгесін.

Шетелдіктердің пікірін білудің бір плюсі - олардың өздерін танитын ақпарат аласың. Еңбекқор адамдар. Мұхаммед Арсыланның ата-анасы елімізге 1994 жылы көшіп келген, Мұхаммедтің 3 айлығында. Қазір әкесі дәмханалар желісін ашқан, ұлы соған көмектеседі. 

Мұхаммед Арсылан, Түркия азаматы:

Бұл жерде алғаш біз 6 столмен дөнершік ашқан едік. Осы 22 жылда біз 5 филиал аштық.  Бұл енді сенімнің арқасында деп ойлаймын. Осы жағы болмаса, біз мұнда жүрмес едік.

Мен қазақ тойларына барамынкейде. Шақырады. Бізде олай тоста йтатын салт жоқ. Сонда қай тостта болмасын, үлкендер жағы «еліміз тыныш»болсын деп айтады. Иә, шынымен мұндай тілекті Алла қабылетеді. Ел тыныш. Әрине,елде тыныштық болса бизнес те болады. Қазақтар "жақсы жатып, жайлы тұрыңыз" дейді. Міне жақсы жатып, жайлы тұратын бір мемлекет осы Қазақстан.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай концерттер мен жиындар өтті, марапаттар тапсырылды. Кәсіпорындар мен монумент ашылды. Салюттер атылды. Ендігісі мықты мемлекет – құламайтын мемлекетке айналу арманының аласармағаны және орындалғаны.