Спорт Қазақстан
$461.33 €501.65 ₽5.1
×

Тілшіміз көше тазалады

AstanaTV
17.12.2016ж. 20:00
2706
Тілшіміз көше тазалады

Бұл жолы тілшіміз Айгүл Әдепбай көше тазалады.

Астанада не көп, қар көп. Сондықтан Айгүл Әдепбай осы жолы қар тазалайды.

Мынау қара тазалайтын бригада. Қазір біз оларға көмектесеміз.

Алдымен киімдерін берді. Сосын қолыма күрек ұстатты. Қар тазалаушының бас қаруы осы.

Ауыр емес пе? –Жоқ.

Бірақ бірер минут өткен жоқ, күрек ауыр емес деген сөзімнен айнып қалдым. Себебі оған қар күрегінде ауырлап кетеді екен. 

Мә мынау ауыр ғой. -Ауыр ма? Мынаны алыңыз. -А, мынау жеңіл екен.

Мен ауылда тұрғанымда, бала кезімде ауланың қарын тазалаған емеспін.

Ең ауыр жұмыстың және ауырлығына қарамастан ең аз төленетін жұмыстың бірі. 

Жалақыңыз қанша? -Жалақым 60 мың. –Жете ме? –Жетпейді, қайдан жетеді. 

Таңғы 6-дан кешкі 5 дейін. 10-нан 12-ге  дейін демалады, түскі астарын ішеді. Аптасына 1 күн демалады, жұмысшылар.

Ұнай ма өзіңізге жұмысыңыз?-Не істейсің енді, амалсыз істейсің.

-Аға қанша аласыз? 53-55 мың. –Жете ме? –Жетпей жатыр, 3 бала оқытамыз. Квартир жоқ.

Бір қиыны, бұл жұмыскерлердің барлығы ауылдан келеді. Астананың маңындағы ауылдардан. Қаланың кісілері қар тазаламайды,- дейді бригада бастығы.Таңғы 6-да жұмыста болу үшін нешеде тұрады дейсіз ғой.

-Сіз қай ауылдан  келдіңіз? –Ахмет ауылынан. –Ол қай жерде? –Қарағанды облысынан, 60 шақырым. -Таңғы 6 осында болу үшін нешеде тұрасыз. -2. Түнгі екі? -Түнгі 2- де малды жайлап келеміз. -Сонда нешеде жатасыз?

Жаңбыр суымен езіліп жатқан қарды трактордың күреуішіне қолмен артады.

Тоқтамайды ғой,мынау. Аяқтарыңызды басып кететін сияқты. Мен қорқамын, мынадан.

Сіздер негізі қар жаумаса екен деп тілейтін шығарсыздар иә? –Тілейміз, енді Алланың құзыретіне кім қарсы келеді.

Менің тазалап жатқаннан гөрі жай жүргенім көп сияқты.

Бұл көшеден өткенде, енді мына көшені мен тазаладым  деп айтып отыратын боламын.

Қиын деген сөздің өзі аз сияқты. Ауыр мына қар. Қайта менің күрегім кішкентай. Ең кішкентай күректі алып алдым. Соның өзінде шаршап қалдым.

Аяғым су болып жатыр. Мына жердің бәрі еріп жатыр. Ауырып қалмасам болды. Мә, тазалап көрші.

Аздан соң...

Бұл жерде селфи жасамаса болмайды. Өйткені Айгүл Әдепбай күнде қар тазаламайды.

Қар тазалап жатқанымызға жарты сағаттай болды. Бәрі жұмыс жасап жатыр, мен шаршадым демалып алайық.

Аққала жасауға болады.

Мына жер бәрі су, бұл суды қайда жібереміз?

Қар тазалайтын адамдар барға қанағат дейді. Ауылдан Астанаға қар тазалауға келсе, ауылдарында жұмыс жоқ, әрине...

Тәте, сізге ауыр емес пе? Ер адамдар жасайтын жұмыс сияқты. -Үйрендік қой. -Беліңіз ауырмай ма, аяғыңыз? -Шыдаймыз. -Қанша жалақы аласыз? -60. -Қалай жеткізесіз?-Жеткіземіз.

Астананы бірнеше бригада тазалайды. Қар қалың түскенде тәулік бойы жұмыс істейді. Кейде тіпті мына көшеден осындай бастық өтеді, дереу тазалаңдар деген бұйрықтар да түседі екен.

Бастықтар өтетін жолдың бәрін тазалап қоясыздар? –Иә,тазалап қоямыз. –Мына жерден осы кісі өтеді тазалап қойыңыздар дей ме? –Иә.

Ал соңына қарай селфи жасауға да мұрша болмады.

Шаршадым мен...

Осымен Айгүл Әдепбайдың қар тазалаушылық қызметі аяқталды. Келесі аптада жаңа мамандық игереміз.