$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Маңғыстау облысында көпбалалы ана "Ауыл аманаты" жобасы негізінде өз кәсібін ашты

28.12.2023ж. 20:00
882
Маңғыстау облысында көпбалалы ана "Ауыл аманаты" жобасы негізінде өз кәсібін ашты

Маңғыстау облысында көпбалалы ана "Ауыл аманаты" жобасы негізінде өз кәсібін ашты. Дәулет ауылының тұрғыны кондитерлік істі қолға алды. Енді ол жерлестеріне өз тәттілерін ұсынады. Толқын Байманованың бұған дейін азық-түлік дүкені болған. Еңбекқор ана онымен шектелмей, кәсібін кеңейтуді ойлады. Бүгін ол арманына "Ауыл аманаты" жобасы арқылы 2,5 пайызбен 7,5 миллион несие алып, қол жеткізіп отыр.

Толқын БАЙМАНОВА, ДӘУЛЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір мынадай кондитерский аштық бүгін шағын қылып. Бұрын жәй кәсіпкер едім. Қазір сол бірінші президент, екінші ауыл аманаты партиясы, ауыл шаруашылығы қолдауымен осындай жетістікке жетіп жатырмын.

Абылай БАЙМАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ауыл аманаты жобасы бойынша осы ауыл халқының тұрмыс деңгейінің көтеру үшін әріқарай осы партия тарапынан "Ауыл аманаты" жобасы 2,5 пайыз осы жұмыссыз жаңағы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарға 2,5 пайыз несие беріліп жатыр. Өзінің кәсібін бастауға өте жақсы мүмкіндік бұл.