Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Еңбекке қабілетті халықтың саны 2050 жылға қарай 33 процентке өсіп,15 миллионнан асып түседі

28.12.2023ж. 20:00
474
Еңбекке қабілетті халықтың саны 2050 жылға қарай 33 процентке өсіп,15 миллионнан асып түседі

Жолға қатысты былық көп. Бұл бірінші жағдай емес. Негізі күре жолдан күректеп табыс табуға болады. Еуропа мен Азияны байланыстырамыз. Географиялық мүмкіндікті қаншалықты тиімді пайдаланып жатырмыз? Толығырақ экономика топтамасында.

Еңбекке қабілетті халықтың саны 2050 жылға қарай 33 процентке өсіп,15 миллионнан асып түседі. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» сарапшылары осындай демографиялық болжам жасады. Сценарийіне сүйенсек, 2028 жылдан бастап еңбекке қабілеттілердің қатары көбейеді. Жалпы 2050 жылы халықтың саны 27 млн 500 мың адамға жетеді. Астанада 2,4 есе, Алматыда екі есеге артады, Маңғыстау және Алматы облыстарында оның саны 80% өседі. Яғни, мегаполистерге, жалақысы көп қалаларға қарай қоныс аударатындар артпақ.

Айбар ОЛЖАЙ, ЭКОНОМИСТ:

Бізде 12 миллион адамға жұмыс тауып беретін мүмкіндік болады, кейін. Ол біздің тікелей инвестицияларды тартып, инвесторларды технологиясымен зауыттарды көбірек ашуға қызықтыруымыз керек. Біз қазір осы жұмыстарды істеп жатырмыз. Инвестициялық арнайы заң жобасы пайда болады. Инвестициялық климаттың ережелері пайда болады. Келіп зауыт, фабрика ашуға барлық преференциялар болады. Сондықтан, кейін бізде жұмыс күші жетпей қала ма деген қауіп бар.

Жыл қорытындысы бойынша көлік саласының барлық негізгі индикаторлары жақсы көрсеткіштерге жетіп, өсім 7 пайызды құрады. Инвестиция 1 жарым eсе өсіп, 1,8 трлн теңгеге жетті. Теміржол саласында 133 жаңа локомотив пен 275 жартылай вагон сатып алынды. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы жүргізіліп, Қытайдың Сиань қаласында жеке терминал ашылды. Жыл ішінде 10 жаңа ұшақ сатып алынып, 23 бағыт бойынша 13 елге жаңа рейстер ашылды. Ішкі тасымалдау көлемі қалпына келтіріліп, тасымалдаушылардың жұмысы және жолаушылардың құқықтарын қорғау тетіктері жақсартылды. Биыл Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша 2 млн 750 мың тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артық.

Жылдың аяқталуына санаулы күн қалды. Ауылға асыққандар мен жаңа жылды үлкен қалаларда қарсы алуды ойлап отырғандар ұшаққа мінуден басқа амалдары жоқ. Көлікпен баруға қауіпті, пойызға билет жоқ. Мереке күндерінде әуе билеттері онсызда арзан болмайды. Жалпы жыл ішінде оның бағасы 27 процентке қымбаттаған. Бағаның ең үлкен өсімі Қызылордада байқалды. 58 пайызға қымбаттаған. Ал Маңғыстауда 53, Атырауда 47 пайызға көтерілді. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысында баға былтырғы қарашадағы деңгейде сақталып, Абай, Жетісу және Жамбыл облыстарында әуе жолаушылар тасымалының қызметі арзандаған. жалпы биыл әуе көлігі арқылы 13 миллион жолаушы тасымалданды.