$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралдық мердігер салынбаған жолға ақша алған

28.12.2023ж. 20:00
829
Оралдық мердігер салынбаған жолға ақша алған

Оралдық мердігер салынбаған жолды құжатта салынды деп көрсетіп, мемлекеттен 44 миллион теңге алған. Бір қызығы жолға жауапты басқарма басшылары мұны тексермей, ақшасын аударып жіберіпті. Заңгер Бауырдан Зәкидің айтуынша, мердігер мекеме "Теректі-Ақсай" тас жолының жиегін тегістеуі тиіс еді. Бірақ 44 миллион теңгені алған "Айдана" компаниясы жолға 44 қапшық құм да төкпеген көрінеді. Бұл аздай былтыр жөндеген жолы жыл өтпей қайта бүлініп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұған -құрылыс материалдарының сапасыздығы немесе технологияның бұзылуы себеп. Осы даудан кейін кәсіпкер алған қаржысын мемлекетке кері қайтарған. Бірақ жергілікті шенеуніктер оны жосықсыз мердігер деп тану туралы арызды сотқа беруге асықпапты. Енді осы олқылыққа жол берген шенеуніктер жауапқа тартылады.

Бауыржан ЗӘКИ, ЗАҢГЕР:

"Айдананың" жасамағанын көріп, олар сотқа бермеген. Ол үшін әкімшілік жауапкершілікті Айдар Меңеев алды. Жасалмаған жұмыс үшін 44 миллион теңге аударып жіберген. Біз оны анықтағаннан кейін "Айдана" кейін қайтарды. Бірақ енді заңсыз атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойып жіберді ғой. Оған қол қойған Әлия Қабенова деген осы басқарманың басшысының орынбасары. Енді осы тұлғаға қатысты материалдар қазір прокуратураға жолданып отыр.