Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

СҚО Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченконы ақтық сапарға шығарып салды

AstanaTV
20.12.2016ж. 20:00
2475
СҚО Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченконы ақтық сапарға шығарып салды

Солтүстік Қазақстан облысы елге танымал Геннадий Зенченконы ақтық сапарға шығарып салды. Еңбек ардагері 18 желтоқсан күні өмірден озды. Онымен қоштасуға жүзге жуық адам жиналды. Марқұмның туғандарына ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айту жеделхатын жіберді. Онда Елбасы Геннадий Зенченко бүкіл өмірін ауыл шаруашылығының дамуына арнағанын атап кетті. 80 жасқа келгенше елдің дамуына, оның ішінде ауыл шаруашылығының өркендеуіне ат салысқан.

Геннадий Зенченко - Шал ақын ауданының тумасы. Еңбек жолын қарапайым механизатордан бастаған ол кеңес шаруашылығы директорына дейін өскен. 1997 жылы Новоникольск ауылында «Зенченко и компания» серіктестігін құрды. Қазір бұл кәсіпорын еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы маңдай алды компанияларының біріне айналды.

Жақсылық Ысқақов, Солтүстік Қазақстан облысының қоғам қайраткері:

Біз ауыл шаруашылығының ұлы еңбеккерінен айырылдық. Өз заманында артта қалған Новоникольск ауылы, Геннадий Иванович келгеннен кейін, бұл село өңірдің бетке ұстар елді мекеніне айналды. Ол шаруашылықтың жаңа стилін құрды. Жатқан жері жайлы болсын.