Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия отырысы

AstanaTV
20.12.2016ж. 20:00
2471
«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия отырысы

Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жыл басынан бері 3 миллионнан астам адамға мемлекеттік қызмет ұсынылған. Мұндай мәлімет «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған комиссия отырысында жария болды.  Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті басшысының сөзінше, орталық өкілдері 2016 жылы 500 мыңдай тұрғынға кеңес берген. Ал электронды төлемдердің арқасында елорда бюджетіне 100  миллион теңгеден артық ақша түсті. Мұнан бөлек орталықтар мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуды мықтап қолға алған. Ол үшін қызметкерлерге арнайы семинарлар өткізіліп тұрады.

Руслан Шамшиев, Халыққа қызмет көрсету департаментінің басшысы:

Басты мақсат - қағазбастылықтан арылу. Мемлекеттік қызметті жеделдетіп, адамдардың уақытын үнемдесек дейміз. Бұрын бір анықтама алу керек болса, оған қосымша тағы бірнеше құжат қажет болатын. Енді мұның барлығы аз уақытта жасалуы керек, осы бағытта жұмыс жалғасуда. 

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын үнемі бақылап отырады. Соңғы жылдары орталықтар жұмысына қатысты қандай да бір арыз-шағымдар тіркелмепті. Тек олардың қатарын арттыру бойынша ұсыныстар бар.

Зейнулла Шибкенов, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы ПБК төрағасы:

Үкімет халыққа жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Біз өз тарапымыздан қандай көмек қажет болса, соны жасаймыз. Бұрын босанған ана 3 күнде құжат тапсыруы керек еді, ол да шешіліп келеді. Меніңше, Астанада тағы бір халыққа қызмет көрсету орталығы ашылса, артық етпейді.