Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Аса ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық тек сараптамадан соң тағайындалады - депутат

AstanaTV
20.12.2016ж. 20:00
2354
Аса ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық тек сараптамадан соң тағайындалады - депутат

Аса ауыр қылмыс жасап, түрмеде отырғандардың арасынан кімдердің рақымшылыққа ілігетіні арнайы сараптамадан соң мәлім болады. Заңның негізгі талаптарын Орталық коммуникациялар қызметінде Бас прокуратура мен Парламент депутаттары тарқатып айтты. Мәжілісмен Қанат Мусиннің айтуынша, соңғы жылдары елімізде айыптау үкімдері азайған. Олардың дені айыппұл төлеумен алмастырылуда.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қылмыстық кодекстегі өзгерістер нәтижесінде соңғы бес жылда темір торға қамалғандар саны 30 пайызға азайған. Сондай-ақ, аса ауыр қылмыс жасағандар арасында әлеуметтік жағдайы төмен топтағылар мен кәмелетке толмағандар бірінші кезекте рақымшылыққа ілігеді.

Қанат Мусин, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бұл талаптар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға қатысты болғандықтан, мәселеге асқан байыптылықпен қарау керек. Мысалы, қалған мерзімінің төрттен бірін қысқарту секілді, яғни барлығы оның қылмысының дәрежесіне байланысты болмақ.