Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Талдықорғанда дәмханадағы жаппай төбелеске қатысты 8 адам қамауға алынды

03.01.2024ж. 20:00
631
Талдықорғанда дәмханадағы жаппай төбелеске қатысты 8 адам қамауға алынды

Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде мерекелік кешті тойлап жатқан қонақтар арасында жанжал туып, соңы жаппай төбелеске айналды. Ол видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнекамерадан алынған кадрларда жас жігіттердің бірін-бірі ұрып-соғып, дәмханадағы үстелдерге секіріп, ыдыс-аяқ және басқа да заттарды лақтырғаны анық көрінеді. Жаппай төбелеске қатысқандар 2001-2004 жылы туған азаматтар екені анықталды. Тәртіп сақшылары 8 адамды ұстап, қамауға алды.

Көбей НҰРАХМЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тергеу ҚР ҚК 293 бабы бойынша жүргізілуде. Оның барысында оқиғаның барлық қатысушыларының іс-әрекеттері зерделеніп, әр қайсысына құқықтық баға беріледі.