Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбеде жастар төбелесіп, екі жасөспірім қаза тапты

03.01.2024ж. 20:00
516
Ақтөбеде жастар төбелесіп, екі жасөспірім қаза тапты

Ақтөбенің Қызылжар ауданында жастар төбелесіп, екеуі қаза тапты. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілген. Полиция осы дерек бойынша іс қозғады, қазір тергеу жүріп жатыр. Қайғылы оқиға түнде болған. Алдын ала болжам бойынша, екі жігіт әлеуметтік желіде сөзге келіп, артынша кездесіп мәселені бетпе-бет шешпекші болған. Арты төбелеске ұласып, төрт адам пышақ жарақатын алды.

Жазылбек АБДИН, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Түскен кезде 2006 жылғы екі науқастың жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өлім сипатымен алып келді. Жүрек жарақатымен науқас дереу операциялық бөлімге көтеріп, операция жасалды. Опрация кезінде геморрагиялық шоктан қайтыс болды. Магистралдық қан тамыры зақымданған науқас олда клиникалық өліммен келіп түскен. Ол кісі операцияға көтергенде геморрагиялық шок себебінен екі науқаста қайтыс болды.

Төбелеске он адам қатысқан. Қаза тапқан жасөспірімнің екеуі де - колледж студенті. Бірі - Ақтөбе автожол, екіншісі - Кәсіптік колледжде оқыған.

Сәнімгүл ЖАКУПОВА, АҚТӨБЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сұлтанбидің міңезі ашық, тәрбиелі тәртіпті бала. Топтың арасында беделді. Сондай білім алушы жәнеде спорттық шараларға белсенді қатысады. Жекепе жек спорт түрімен айналысады. Спорт шеберлігіне үміткер деген куәлігі бар.