Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

«Президент ел дамуына ерекше тоқталды», - сарапшы

03.01.2024ж. 20:00
411
«Президент  ел дамуына ерекше тоқталды», - сарапшы

Президент сұқбатта ел дамуына айрықша тоқталды. Сарапшылар осылай дейді. Былтырғы Жолдауда Президент Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарын жариялаған еді. 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін екі есе арттырып, 450 миллиард долларға жеткізу көзделген. Ал биыл елдің ішкі өнімі 259 миллиард доллардан асқан. Бұл – Орталық Азиядағы ең жоғары өсім.

Ермек ТОҚТАРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Мемлекет тарапынан көп жұмыс жасалды. Енді әрі қарай Президент сұқбатында айтты, жастар, қоғамдық топтар бұл мүмкіндіктерді қолданып, әрі қарай дамуға, саяси реформаларды жүзеге асыру үшін жұмыс істеу керек.

Президент айтқан тағы бір маңызды міндет – инвестиция тарту. Бұл міндетті орындауға жекешелендіру және активтерді қайтару науқандары да оң септігін тигізеді. Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдей түседі. Мемлекет басшысы жақында Инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Бауыржан ӘУКЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА САРАПШЫСЫ:

Бұл – Қазақстанның сыртқы саясаттағы өзінің ұлттық мүдделеріне орай инвестициялар тартуға және ұлттық қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.