Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылордада 74 жастағы қария екі күннен бері табылмай жатыр

AstanaTV
05.01.2024ж. 10:28
671
Қызылордада 74 жастағы қария екі күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда қаласында 74 жастағы қария екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Ақмешіт жастары.

Қызылорда қаласында тұратын 74 жастағы Ибрагим Райымбеков 2 қаңтарда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері бойы – 1,70 см, арық денелі, шашы ақ түсті, көзі қара түсті. Басында қара түсті қалпақ, қара көк түсті күртеше, ақшыл көк түсті шалбар, аяғында қара түсті етігі болған. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.