$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Су-27 әскери ұшағының апатқа ұшырау себебі жанармай жүйесінде болуы мүмкін - М.Алтынбаев

AstanaTV
22.12.2016ж. 20:00
2536
Су-27 әскери ұшағының апатқа ұшырау себебі жанармай жүйесінде болуы мүмкін - М.Алтынбаев

Су-27 әскери ұшағының апатқа ұшырау себебі жанармай жүйесіне байланысты болуы мүмкін. Сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев осындай болжамымен бөлісті. Қорғаныс министрі тағайындаған комиссия жұмысқа кірісіп, Бас әскери прокуратура тергеу амалдарын қолға алды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мұхтар Алтынбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мүмкін, мынау жанармай не осы топливная системаның бір нәрсесі отказы болуы керек. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Содан кейін жариялайды. Бұл өте сондай жиі болмайтын жағдай. 2 двигательдің екеуі де тоқтады деген. Енді арзан емес. Су-27 ғой. Бүгінгі күндегі алдыңғы қатарлы ұшақтардың бірі. Ұшақтарды да, жанармайды да тексеру керек. Қалай дайындық болғанын. Өйткені қыстыкүні жанармайды дайындайтын ерекшеліктер бар.

Еске салайық, 21 желтоқсан күні оқу-жаттығу кезінде Су-27 әскери ұшағы апатқа ұшыраған еді. Әуе кемесі Талдықорған қаласынан 25 шақырымдай аумаққа құлаған. Ұшқыш майор Әдiлбек Ысқақов бар мүмкіндігін салып, ұшақты елді мекеннен аулаққа алып кетіп, өзі катапультпен секіріп кеткен. 

Айбек ҚОСАНОВ