Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

12 жасқа толмаған балалар саусақ ізін тапсыруға міндеттелмейді - Қалмұханбет Қасымов

AstanaTV
22.12.2016ж. 20:00
2426
12 жасқа толмаған балалар саусақ ізін тапсыруға міндеттелмейді - Қалмұханбет Қасымов

12 жасқа толмаған балалар саусақ ізін тапсыруға міндетті емес. Ал 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдер өз қалауы бойынша дактилоскопиялық тіркеуден өтеді. Бүгін Сенат "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу" туралы заң жобасын қабылдады. Мұндай тіркеуден қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдегенде, ал шетелдіктер виза алу кезінде өтеді.

Босқындар, еңбек мигранттары мен елімізде тұратын шетелдік азаматтар 2021 жылдан бастап саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі. Бұл шара төлқұжат ауыстырған кезде іске аспақ. Заң жобасы азаматтардың жеке басын жылдам анықтауға және қылмысты оңай ашуға мүмкіндік береді, - деді министр Қалмұханбет Қасымов.

Қалмұханбет Қасымов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі:

Жеке куәлікке байланысты заң жаңа нормамен толықтырылады. Яғни саусақ ізі туралы ақпарат жеке куәліктегі чипке енгізіледі. Аталған заң жобасын іске асырудың шығыны мол және техникалық тұрғыдан қиын.

Қажетті құралдар алу мен бағдарламалық жүйелерді қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 36,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.     

Айбек ҚОСАНОВ