$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда газ желісіне заңсыз қосылған нысандар тексеріліп жатыр

AstanaTV
22.12.2016ж. 20:00
2399
Оралда газ желісіне заңсыз қосылған нысандар тексеріліп жатыр

Оралда газ желісіне заңсыз қосылған нысандар азаяр емес. "Коммуналдық қызметтерді есептеу орталығының" дерегінше, 228 азамат үйіне газ құбырын өз бетінше тартып алған. Кәсіпкерлер де қалысар емес - жеке бизнес нысандарына қатысты осындай 59 жағдай анықталған. Олар ғимаратқа арнайы есептегіш құрылғы орнатпаған, көгілдір отын үшін көк тиын да төлемейді. Тексеру кезінде газ құбырына заңсыз қосылған тағы бір ғимарат желіден ажыратылды. Мамандар бұл нысанның еш жерде тіркелмегенін айтады.

Заң бойынша жаңа ғимараттар алдымен "Коммуналдық қызметтерді есептеу орталығында" тіркелуі тиіс. Осыдан кейін ғана нысан газ желісіне қосылады. Заңға бағынбаудың кесірінен газ текке ысырап болып жатыр,- дейді мамандар.

Еламан Ілиясов, "Коммуналдық қызметтерді есептеу орталығы - Орал" ЖШС бөлімінің маманы:

Газ жарылуы мүмкін, қазір көп жағдайлар болып жатыр қыс кезінде. Ауа райы да суық. Заң бойынша бұл мекемелерге жауаптылық қарастырылмаған. Сондықтан біздің мекеме оған айыппұл салады. 

Еркін КАРИН