Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Бала өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына кінәлі жеңіл жаза алды

AstanaTV
22.12.2016ж. 20:00
2509
Бала өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына кінәлі жеңіл жаза алды

Павлодарда жеткіншектің өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат рақымшылықтың арқасында бостандыққа шықты. Сот 12 жасар Мейрам мен әкесі Таңат Шәгіровті қағып кеткен азаматты айыпты деп таныды. Екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, баласынан айрылған отбасыға 4 млн 200 мың теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуге міндеттеді. Әйтсе де, істі жүргізген судья негізгі жазаны алмастырды.

Жанар Тұрлыбаева, Павлодар қалалық №2 соттың судьясы:

Сыздықовқа екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Және 5 жылға дейін көлікті басқару құқығынан айырылады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қабылданған Рақымшылық заңына сәйкес,  негізгі жаза болып табылатын бас бостандығынан айыру жазасы алынсын.

Таңат Шәгіров:

Апелляциялық шағым түсіреміз. Мұны бұлай қалдырмаймыз. Ертең басқаларға сабақ болсын, ешкім жүргізуші куәлігінсіз жолға шықпайтындай. Баламды өлтірді, менің денсаулығыма зақым келтірді. Бірақ ақырында жер сипап қалдым.

Қайғылы оқиға өткен жылы қазанда орын алған. Таңат Шәгіров ұлы Мейраммен көшеде көлік келе жатқанын көрсе де, «үлгереміз» деген оймен жолды кесіп өтпек болған. Қатты жылдамдықпен келген көлік әкелі-балалы екеуді қағып кетеді. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ