$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбелік келіншек пойызда босанды

09.01.2024ж. 20:00
739
Ақтөбелік келіншек пойызда босанды

Ақтөбелік келіншек пойызда толғатып, жолсеріктің көмегімен алтыншы сәбиін босанды. 42 жастағы ана Шалқар қаласынан облыс орталығына келе жатқан. Жем станциясына келгенде толғағы басталыпты. Жедел жәрдемге хабар берілген. Бірақ оған дейін сәбиін бауырына басып улгерген. Нәрестенің салмағы- 3 келі 700, бойы -57 см. Жолаушы қызының есімін «Малика» деп қойды.

Бақытжан ТҮЛКІБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол кезде ана мен бала Ембі аудандық ауруханасына жатқызылды. Бүгінгі күні бала мен әйелдің жағдайы жақсы. Анасының сүтімен қоректенеді. Құдай қаласы ертең 10 күні олар үйіне жіберіледі.