Қазақстандық дәрігерлер "ALEM" деп аталатын жаңа технология ойлап тапты. Бұл донорлық органды ұзақ уақыт «транзитте» ұстауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ денеден тыс емдеуге мүмкіндік жасайды. Жаңа медициналық жетістік жайлы тілшіміз Дәрібек Бахытбек айтады.
Елімізде жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін қазақстандықтардың саны 800 мыңнан асып жығылады. Оның 300-ге жуығы- ауыр сатыда. Ал, донорлық органдарға кезекте 137 адам тұр. Оның ішінде балалар да бар.
Махаббат БЕКБОСЫНОВА, UMC БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі таңда 800 мың әлеуетті пациенттерімізге созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Ал, өмір мен өлім арасында тұрған 8 мыңнан 80 мыңға дейін, яғни бұл бүгінде не жүректі, не жасанды сол жақ қарыншаны ауыстыруды қажет ететін науқастар.
Дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күресіп келеді. Жаңа технология жақсы жетістіктірге жол ашады. Бұл қазіргі қолданыстағы американдық құрылғыларға қарағанда тиімді. Бұрын донорлық жүрек 4-6 сағат ішінде тасымалдаса, енді оны 24 сағаттан астам уақыт сақтауға болады.
Юрий ПЯ, UMC БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ, КАРДИОХИРУРГ ДӘРІГЕР:
Бұл -адам ағзаларын орналастыруға болатын робот. Мен қазірдің өзінде нәтиже американдық құрылғыға қарағанда әлдеқайда жақсы деп айта аламын. Бұл құрылғы қанша тұрады? Менің ойымша, бұл -әлдеқайда арзан.
Құрылғы толығымен- қазақстандық. Дайындауға 2 жылға жуық уақыт кеткен. Осы уақыт ішінде 29 операция жасалды. Оның 16-сы- трансплантация. Операция тек адамдарға емес, жануарларға да жасалған.
Тимур Лесбеков, UMC КАРДИОХИРУРГИЯ КАД ДИРЕКТОРЫ:
Эксперименттік жұмыста біз 24 сағаттың денеден тыс оқшауланған түрде жұмыс істейтін және осы органның мінез-құлқын басқара алатын органды сақтай алатын және осы уақыт ішінде оны емдей алатын сенімді уақыт екенін дәлелдедік. Техниканың өзі жүрекке де, қанмен қамтамасыз етілетін басқа органдарға да жарамды болуы мүмкін. Ал бұл мүшелер – өкпе, бауыр және бүйрек.
Мамандардың айтуынша, құрылғыны тек трансплантологияда ғана емес, хирургия, онкологияда да қолдануға болады. Сондай-ақ жарақаттанған аяқ-қолды емдеуге болады. Жоба биыл бастау алады.