Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде төлемді картамен қабылдау 1,5 есе өсті

AstanaTV
12.01.2024ж. 17:34
480
Елімізде төлемді картамен қабылдау 1,5 есе өсті

Өткен жылы 11 айдың қорытындысы бойынша елімізде төлем карталарының саны 38,5 млн-ға жетті, деп хабарлайды Ranking.kz.

Оның ішінде 33,5 млн бірлік кредиттік карта, 4,7 млн бірлік дебеттік және 275,7 мыңы басқа карталар. Бес жыл ішінде пайдаланылатын төлем карталарының саны 3,6 есе өсті.

Кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлемді қолдайды. Өткен жылдың үш тоқсаны бойынша сауда кәсіпорындарында 975,3 мың POS-терминалдар болды. Сонымен қатар сауда нүктелерінің саны артты. Төлемді эквайермен қызмет көрсетуге шарт жасасқан кәсіпкерлер саны бірден 1,5 есе ұлғайды.

Кәсіпкерлік қызметіне қатысты мобильді аударымдарға қатаң бақылау жүргізіледі. 2023 жылы мемлекеттік кірістер комитетіне банктерден үш ай ішінде 100 түрлі тұлғадан өтініш келіп түсті. Жоба жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Өйткені көптеген кәсіпкер (дүкендер, такси жүргізушілері және т.б.) жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы алады. Сонымен қатар аударымдарға көбіне чектер берілмейді.

Елімізде төлемді қолма қол ақшамен қабылдайтын кәсіпкерлердің үштен бірі Алматы (143,8 мың), Астана (97,2 мың) және Шымкент (47,2 мың) мегаполистеріне тиесілі.