Шымкентте сабақ үстінде оқушы қайтыс болды. 8-сыныптың баласы жедел жәрдем қызметі жеткенше жан тапсырып үлгерген. Білім басқармасындағылардың мәліметінше, оқушының жүрегі тоқтап қалыпты. 13 жастағы жеткіншектің өліміне нақты не себеп болуы мүмкін? Қайғылы жағдай болған мектептің басшылығы не дейді? Әріптесім Айзада Төребекқызы мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты.
Оқиға Шымкенттегі №48 мектепте болды. 8 «А» сынып оқушылары дене шынықтыру сабағында екі топқа бөлініп, футбол ойнағалы жатқан. Марқұм Азамат қақпаның жанында тұрған. Сол сәтте бірден есінен танып, сұлқ түскенін айтады.
Нұрлан БАЙСЕЙІТОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
Қақпаның алдында «қорғаушы» әрекетін жасап тұрды. Сол кезде көз алдымда отырып барып көзі аларып бірден құлады. Сол көз алдымызда.. Мен тек қана массаж жасай бердім әйтеуір жанын ап қалам ба дегендей үмітпен. Енді ол бала сабаққа қатысып жүрген. Сабақтан қалмайтын, физкультура сабағынан. Ойынды жақсы көретін.. «ағай, ойнайықшы»..деп бірінші сол келетін. –бұрыннан қорғаушы ма?иә, - басынан доп тиіп?...-жоқ, ондай әрекеттер болған жоқ.
Нұрлан Байсейітов марқұм оқушы құлағанға дейін ешқандай оқыс жағдай болмағанына сенімді. Ол баланың мінезі жақсы болғанын, ешкіммен араздаспайтын дейді. Денсаулығына да еш шағымы болмаған дейді 2004 жылдан бері осы мектепте медбике қызметін атқарып келе жатқан Гүлжамал Розиева.
Алғашқы медициналық көмекті де осы мейірбике көрсеткен.
.Гүлжамал РОЗИЕВА, МЕЙІРБИКЕ:
Азамат уже жерде жатқан еді полда спорт залда. Сразу нашатырка иіскеттім оған. Енді бізде қалыпты жағдай нашатыр иіскетсеңіз талып қалған баламыз резко өзіне келеді да.. Ал Азаматта мүлдем реакция болған жоқ. Кейін иіскеген жоқта. Содан кейін мен ватаны кәдімгідей намочить етіп мұрына жақтым. Ол кезде сәл қимылдағандай болды да бала... Қуанып дальше өзіміздің массаждарымызды істеп...физрук ағайлар аяқ-қолын бәрін укалап жатыр ғой...Скорый демде жетіп келді. Әрі қарай скорый өзінің көмегін көрсетті.
Білім басқармасы баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 8-сынып оқушысының жүрегі тоқтап қалған. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Құзырлы органдар тарапынан қазір тергеп- тексеру жұмыстары жүргізілуде. Марқұмның денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.