Спорт Қазақстан
$460.15 €501.38 ₽5.11
×

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тексеріс жүріп жатыр

AstanaTV
23.12.2016ж. 20:00
2340
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тексеріс жүріп жатыр

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" қызметіне тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк ресми хабарлама таратты. Тексеру қордың меншікті активтерді инвестициялауға қатысты операциялары бойынша жүзеге асып жатқан көрінеді. Оны қай құзырлы органның жүргізіп жатқаны жайында Ұлттық банк нақты ақпар берген жоқ.

Ал "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" сайтында ресми хабарлама жарияланды. Онда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі әрдайым ақпарат құралдары мен қордың жеке сайтында жарияланып отыратыны жазылған.