$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Ұятыңыз болса, қоярсыз иә": Атышулы "Келінжан" телехикаясының продюсері кинодағы "Асылымға" қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады

AstanaTV
15.01.2024ж. 22:12
14257
"Ұятыңыз болса, қоярсыз иә": Атышулы "Келінжан" телехикаясының продюсері кинодағы "Асылымға" қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады

Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова қызы Сара Амангелдіге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады.

Бұл ойымен ол желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мамасарипова өз жазбасында ашулы екенін көрсеткен.

Белгілі болғандай оның қызы Сара Амангелдінің атынан белгісіз біреулер желіде парақша ашып алған. Ол соған жауап ретінде, қызының желіде парақша жүргізбейтінін кесіп айтқан.

"Сарада парақша жоқ. Әлеуметтік желіде мүлдем жоқ. Біреудің өмірін сүру қаншалықты дұрыс?! Ұятыңыз болса, қоярсыз иа" деп жазды ол.