Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Майқайыңдағы апат. Құм астына көмілген құтқарушылардың жеке заттары табылды

AstanaTV
16.01.2024ж. 21:38
633
Майқайыңдағы апат. Құм астына көмілген құтқарушылардың жеке заттары табылды

Іздестіру жұмыстары барысында құжаттар және жол-сапар журналы бар құтқарушылардың сөмкесі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram-дағы парақшасында мәлім етті. Сөзінше, «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Автобустың болжамды орналасқан жеріне арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасуда. Осы уақытқа дейін барлығы 200 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды. Бүгін сағат 14.45-те «Майқайың-алтын» АҚ аумағындағы опырылған шұңқырдың түбіне шағын көлемді экскаватор түсірілді. Жұмыстар асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупінің сақталуына байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуде, - деді әкім.

Сонымен қатар ол қазба жұмыстары барысында құтқарушылардың сөмкесі мен мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылғанын атап өтті.

Жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс құжаттатары және жол-сапар журналы бар құтқарушылардың сөмкесі, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылды. Іздестіру жалғасуда. Автобустың болжамды орналасқан жеріне дейінгі топырақты қазып алу міндеті қойылған шағын экскаватордың жұмысы аяқталғаннан кейін мамандар оны жоғары көтеру жұмыстарын бастайды. Біз бұл жұмыстарды бүгін және ертең аяқтаймыз деп үміттенеміз, - деп сендірді Байханов.

Павлодар облысы әкімі іздестіру жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп және 2 бірлік дрон жұмылдырылғанын айтты.