Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Шымкентте жоғалып кеткен 3 қыздың жағдайы белгілі болды

AstanaTV
16.01.2024ж. 22:42
1922
Шымкентте жоғалып кеткен 3 қыздың жағдайы белгілі болды

Шымкентте жоғалып кеткен қыздардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте жоғалған қыздар Алматыдағы хостелдердің бірінен табылған.

Олар өткен жексенбіде із-түссіз жоғалып кеткен еді. 16 жастағы Аделья Кеңесова, 14 Балжан Шәкен, 13 жастағы Нұрайым Саржан қазір Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында.