Ауылды
жерлерде мемлекеттік қызмет сапасы әлі де дамыта түсуді қажет етеді. Себебі
шалғай аудандарда ақпараттандыру жағы жетіспей жатады. «Нұр Отан» партиясы
сайлауалды бағдарламасының мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша өткен
жиында Мәжіліс депутаты Майра Айсина осылай деді. Іс-шара 2016 жылы атқарылған
жұмыстардың қорытындысына арналған.
Майра
Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Шалғай
ауылдарға қызмет көрсету. Ол жағынан да мобильдік түрде көрсетуге болады.
Кейде кестесін дұрыс жасамайды,
сондықтан мобильді ЦОН келе жатқанда халық білмей қалады.
«Елбасы аймақтарды дамытуға айрықша көңіл
бөліп келеді, бұл мақсатқа мемлекеттен ауқымды қаражат бөлінуде. Бұл жұмысты
жалғастырамыз», - деді депутат Майра Айсина. Келешекте мемлекеттік қызмет
көрсетудің белгілі бір бөлігі ақылы болуы мүмкін екенін айтты. Қай салада
екенін үкімет жанынан құрылған арнайы ведомствоаралық комиссия шешеді.
Жиында
«Ақпаратты Қазақстан 2020» бағдарламасы бойынша облыстардағы комиссиялардың
жұмысы тыңдалды. Шешімін таппаған мәселелер жоқ емес. Халыққа қызмет көрсету
орталықтарында 730 қызметтің 309-ы электронды түрде көрсетіледі. Алдағы уақытта
жұмыстың 90 пайызы осы форматта жүргізілмек. Депутаттар мемлекеттік қызмет
көрсету мәселелері бойынша қаңтар айында өңірлерге шығуды жоспарлап отыр.
Кәрібай
Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
«Нұр
Отан» партиясы сайлау алды бағдарламасы басым бағыттарының бірі мемлекеттік
қызмет көрсету сапасын одан ары арттыру болып табылады. Соған орай біз
өңірлерде болған сайын қызмет көрсету орталықтарында болып, тұрғындармен
кездесіп, мәселесің жай-жапсарын біліп жүрміз.
Саламат ОМАШ