Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Жеңіл өнеркәсіп ішкі нарықтың 5 пайызын ғана қамтамасыз етеді", - экономист

17.01.2024ж. 20:00
775
"Жеңіл өнеркәсіп ішкі нарықтың 5 пайызын ғана қамтамасыз етеді", - экономист

Сапаны халықтың өзі бақыласа сын азаятын шығар. Десе де құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Өткен жылы 17,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бір қызығы, жер үй салатындар күрт төмендепті. Толығырақ "Экономика" топтамасында.

Бұрындары асарлатып үй соғатынбыз. Ағайын, туған-туыстың көмегімен демде құрылысты аяқтап тастайтын едік. Бірақ қазір жер үй тұрғызатындардың саны азайып барады. Себебі шығын шаш етектен. Былтыр 6,4 млн шаршы метр ғана үй салынған. Мамандар бұл көрсеткіш жылдан жылға төмендеп келе жатқанын айтады. Көбі қиналып, төзімді тауысқанша дайын пәтерді сатып алғанды құп көреді. Жалпы 17,5 миллион шаршы метр баспана халықтың қоныстануына берілген. Басым бөлігі көпқабатты үй. Бұл 10 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Көлік саны күн өткен сайын көбейіп барады. Қазір 5 миллионнан асып жығылды. Бірақ автопаркті әзір жаңарта алмайтын сыңайлымыз. Өйткені, жартысына жуығы қаңқасын сүйретіп жүр. Яғни, зауыттан шыққандарына 20 жылдан асып кеткен. Мерзімі үш жылға жетпегені, яғни су жаңа деп саналатыны небәрі 272 мың ғана. Оның 12 пайызын атыраулықтар алса, Астанада 10 проценті жүр. Ал аз үлесі Жамбыл, (2,6 пайыз), Жетісу (2,9 пайыз) облыстарына тиесілі.

Мына үстімізге киіп жүрген киімдеріміздің барлығы дерлік сырттан келеді. Мәселен, былтыр оның импорты 2,35 млрд долларға жеткен. Бұл соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Басым бөлігі Қытай мен Түркиядан келеді. Отандық өнімге сұраныс аз ба, әлде фабрикалардың қуаттылығы нарықты қамтамасыз етуге жетпей ме?

Айбар ОЛЖАЙ, ЭКОНОМИСТ:

Жеңілөнеркәсіп біздің тұтыну көлемін басып бере алмайды. Қанағаттандырмайды. Себебі олар нарықтың 5-3 пайызын ғана шығарады. Керек киімдердің. Қазақстан жақсы киім шығаратын болса міндетті түрде өтеді. Бірақ процестің өзін ұйымдастыру, тігін фабрикаларын қою бізге қиын болып жатыр.