Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

250 мың қызметкер былтыр МӘМС бойынша тегін емделу мүмкіндігінен айырылған

17.01.2024ж. 20:00
426
250 мың қызметкер былтыр МӘМС бойынша тегін емделу мүмкіндігінен айырылған

30 күннен көп еңбек демалысын алған 250 мың қызметкер былтыр тегін емделу мүмкіндігінен айырылған. Өйткені демалыс уақытында әлеуметтік жарна сақтандыру қорына түспеген. Әсіресе, мұғалім, дәрігер, тау-кен саласының қызметкерлері мен вахтада істейтін мамандардың демалыстан кейін сақтандыру статусы жиі жойылады. Осындай олқылық орын алмас үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлем аудару тәртібіне өзгеріс енгізбек.

Забира ОРАЗӘЛИЕВА, МӘМС ҚОРЫНЫҢ ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

МӘМС жүйесінде медициналық қызметке құқық алу үшін міндетті түрде 12 айдың төлемі болуы тиіс. Бұл жерде бухалтерлік есептік қызметтердің кішкене түсініспеген жағдайлары болып тұр. Ұсынысты біз уәкілетті мемлекеттік органға жібердік. Бірнеше министрліктер тарапынан ол ұсынысты қарап, келісілген жағдайда ғана іске асады.

Жұмыс берушілер әр қызметкер үшін жалақының 3 процентін медициналық сақтандыруға жіберуі тиіс. Ал жұмыссыз жандар өз-өзіне 12 ай бойы 4250 теңгеден салады. Берешегі бар айлар өтелмесе, тегін емделу мүмкіндігінен қағылады.