Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Оралдағы әйел өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған косметологты 2 айға қамауға алу туралы сот санкция берді

AstanaTV
31.03.2016ж. 20:00
1581
Оралдағы әйел өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған косметологты 2 айға қамауға алу туралы сот санкция берді

Оралдағы сұлулық салонындағы әйел өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған косметологты 2 айға қамауға алу туралы сот санкция берді. Мұндай шешімді қалалық сот 10 минут бұрын шығарды. Сот отырысына косметолог Эльвира Юсупованың Мәскеуден келген адвокаты мен күйеуі де қатысты. Олар 1 миллион теңге төлеп, кепілмен босатуға өтініш түсірген болатын.

Сот отырысы түскі сағат екіде басталған еді. Судья кеңесу үшін тіпті үш рет үзіліс жариялады. Отырыста косметологтың қазір Алматы қаласында тұратыны белгілі болды.

Еске сала кетейік, наурыздың 28-і күні 39 жастағы Айжан Жақанова сұлулық салонында егілген уколдан соң қайтыс болған еді. Марқұмның артында үш баласы қалды. Ал Жақанованың өліміне қатысы бар деген күдікпен сол кезде косметолог Эльвира Юсупова қамауға алынған болатын. 

Еркін КАРИН