$464.72 €496.32 ₽5.4
×

Астанада демалыссыз істейтін кітапхана ашылды

AstanaTV
31.03.2016ж. 20:00
1926
Астанада демалыссыз істейтін кітапхана ашылды

Қазақ гумманитарлық заң университетінде жоғары білім алуға қаржылық мүмкіндіктері жоқ талапкерлерге көмек көрсететін арнайы қор ашылды. Оны құру бастамасын кезінде университеттің тұңғыш президенті, белгілі қоғам қайраткері, профессор Мақсұт Нәрікбаев көтерген. Марқұмның көзі тірісіндегі арманын бүгін оның ізбасарлары іске асырды. Салтанатты шара Мақсұт Сұлтанұлының 76 жылдығына орайластырылған.

Өмірбай Қыстаубай, ҚазГЗУ қашықтықтан оқыту орталығының директоры:

Endawment қоры осы университетке оқуға түскен студент болсын, магистрант болуы мүмкін, докторант болуы мүмкін, осы университетте белгілі қаржылық көмекке мұқтаждығы бар білім алушыларға көмектесуді мақсат тұтатын қор болып табылады.

Бұдан бөлек, университет қабырғасында Мақсұт Нәрікбаев атындағы кітапхана ашылды. Кітапханада 400 мыңнан астам кітап, оның ішінде профессордың жеке қорының төрт мыңға жуық әдебиеті бар. Оқырмандар үшін білім ошағының есігі аптаның жеті күнінде де ашық.