Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

БҚО экологиясын ластаған компанияға айыппұл салынды

18.01.2024ж. 20:00
579
БҚО экологиясын ластаған компанияға айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан КПО б.в (КыПыО биви) компаниясына 50 миллион теңге айыппұл салынды. Экологтар кәсіпорынды зиянды қалдықтарды шектен тыс мөлшерде төккені үшін айыптап отыр. Жоспардан тыс жүргізілген тексеру кезінде компанияның қоршаған ортаның тазалығын сақтау талабын белден басқаны анықталды. Тұрмыстық шайынды су құйылатын тоғанды түрлі зиянды химиялық заттармен толтырған. Мұның ішінде 230 тонна хлорид, нитрат пен өзге де зиянды тұздар бар. Бір қызығы, компания өкілдері экологтардың айыбымен келіспей, сотқа жүгініпті.

Әлішер УӘЛИЕВ, БҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Тексеру кезінде КПО бв.в компаниясы Экологиялық Кодекстің 39 және 216-баптарының талабын бұзғаны анықталды. Олар қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды шекті мөлшерден асырып жіберген. Айыппұл көлемі 50 миллион теңге. Бірақ компания тексеру нәтижесімен келіспегендіктен, бұл дау сотта шешіледі.