Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Шетелдік көлігін тіркемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Шетелдік көлігін тіркемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Елімізде 304 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылған. Оның ішінде 21 мың автоконструктор және 55 мың автокөлік уақытша есепке тіркелген. Қазір ел аумағында заңды тіркелмеген шетелдік көліктің нақты саны жоқ. Заңдастырып үлгермегендер жалпы шарттар бойынша тіркелуі керек. Көлік тіркелмеген жағдайда оның иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көлікті қазақстандық есепке қою үшін бастапқы тіркеу алымын төлеу қажет. Алым қозғалтқыш түріне және көліктің шыққан жылына қарай есептеледі. Көліктің жылы ескі болған сайын төлем қымбаттайды. Дәстүрлі қозғалтқышы бар жеңіл көлік 2023-2024 жылы шықса 0,25, көлікке 3 жыл болса 50, ал 3 және одан жоғары ескі көліктерге 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем алынады.

Алтынбек ЖАМАЛИЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Заңдастыру өтпеген шетелдік автокөліктерге қатысты олар техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда көзделген барлық төлемдерді төлеумен тіркеуге жатады. Бұл ретте автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз.