Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Италияға ресми сапармен барды

18.01.2024ж. 20:00
488
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Италияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Италияға ресми сапармен барды. Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто мен Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Италия Қазақстан үшін ЕуроОдақтағы маңызды серіктестің бірі. Соңғы 18 жылда тартылған инвестиция көлемі 7,3 млрд доллардан асқан.

Мемлекет басшысының 2024 жылдағы алғашқы шетелдік іс-сапары Еуропа төрінен басталды. Қазақстан мен Италия арасындағы жалпы қарым-қатынас жоғары деңгейде деп айтуға болады. Қазір Италия Қазақстанның әлем бойынша ірі сауда серіктестерінің бірі. Мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 15 млрд доллардан асқан.

Талғат ҚАЛИЕВ, САРАПШЫ:

Қазақстан мен Италияның арасы дамып келе жатыр. Президенттің іссапары өте маңызды. Өйткені Италия әлемдегі 8-ші экономика деп есептеледі. Оның үстінен еуропа одағының 4-ші экономикасы. Жалпы Италияда НВП дейді соның бір адамның басына 30 мың долларға дейін жеткен. Ол өте жоғары көрсеткіш. Сондықтан өте бай ел. Оның үстіне 97 пайыз өндіретін заттарын эскпортқа сатады.

Ал, былтырғы қаңтар мен қазан аралығында тауар айналымы - 13,1 млрд доллар болды. 2023 жылғы дерек бойынша, елімізде Италия капиталы құйылған 303 компания бар. 2022 жылы бұл мемлекеттен бізге келген тікелей инвестиция - 288 млн доллардан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. Ал былтыр жарты жылда ел экономикасына - 76 млн долларға жуық қаражат құйылған. Саясаттанушылар екі ел арасындағы қарым-қатынас ары қарай да дами түсетініне сенімді. Себебі Италия еруопадағы табысты елдердің бірі.

Мақсат ЖАҚАУ, САЯСАТТАНУШЫ:

Италияның мүмкіндіктерін алатын болсақ, ұлттық табыс бойынша ол әлемде 6-шы орын алатын мемлекет. Шынымен де Италия бұл Еуроодақ тұрғысынан қарайтын болсақ Қазақстанмен №1-ші әріптес мемлекет ретінде сауда қарым-қатынастарын, білім-мәдениет байланыстарын терең орнатқан мемлекет ретінде қалыптасқан.

Алматыдағы балмұздақ өндіретін компанияға қажетті шикізат тікелей Италиядан жеткізіледі. Құрал-жабдық та сол елдікі. Серіктестіктердің бірлесе жұмыс істеп келе жатқандарына жиырма жылдан асқан. Бір-бірінен үйреніп жатқандары көп.

Герман ВЕКСЛЕР, ИТАЛЬЯНДЫҚ БАЛМҰЗДАҚ ӨНДІРЕТІН КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің басты мақсатымыз - Италияның тар көшелерінде сатылатын, дәмі тіл үйіретін балмұздақтарды Қазақстан нарығына әкелу. Қазақстанда да Еуропалық тұтынушылардың қызығушылығын оятатын өнімдер өте көп. Мысалы, ет, ашытылған сүт өнімдері. Бұл итальяндықтардың көңілінен шығатынына сенімдімін.

Қазақстан мен Италия білім саласында да әріптестік орнатқан. Қазір екі елдің жоғары оқу орындары арасында 30-дан астам келісім бар. Ал былтыр қараша айында Алматы қаласында Италия мәдениет институты ашылған болатын. Сондай-ақ өткен жылы Генуи университетінің филиалын Өскемен қаласында ашу жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұдан өзге, Еуропалық Одақтың үшінші экономикасы саналатын Италия бізге креативті индустрияны да дамытуға көмектесуге дайын.