Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкентте айыппұл төлей алмай жүрген жүргізуші көлігінен айырылды

AstanaTV
18.01.2024ж. 19:45
867
Шымкентте айыппұл төлей алмай жүрген жүргізуші көлігінен айырылды

Оның қарызы 33 миллион теңгеге жеткен.

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кезекшілікке шыққан патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы ақпарат алды.

Полиция мұндай мәліметті жұмыс планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы арқылы табады.

Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды.

Көлікті алу үшін қарыз толық өтелуге тиіс,-деп жазады inbusiness.kz сайты.