Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Оралдағы сауда орындары жұмыртқа сатуды шектеді

19.01.2024ж. 20:00
405
Оралдағы сауда орындары жұмыртқа сатуды шектеді

Оралдағы сауда орындары жұмыртқа сатуды шектеді. Енді әр адамға 30 жұмыртқадан ғана беріледі. Қала дүкендері тұрғындарға осындай ескерту жазып қойған. Ал жаңа жыл мерекесі кезінде жұмыртқа адам басына 10 данадан ғана сатылыпты. Қазір бұл шектеу алынып тасталған. Шенеуніктердің айтуынша, өңірдегі екі құс фабрикасы жылына 120 миллионан астам жұмыртқа шығарады. Олардың қуаты оралдықтарды толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Былтыр еліміз Ресей, Ауғанстан мен Қырғызстанға шамамен 186 млн жұмыртқа жіберген.

Эльмира ҚИМАТОВА, БҚО САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қалалықтар жұмыртқадан тапшылық көрмейді. Мұны уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Жергілікті нарықта жұмыртқа жетеді. Екі құс фабрикасы жылына 150 миллион жұмыртқа шығарады. Олардың бағасына әрі кетсе, 10 теңге ғана қосылады. Жұмыртқаны Ресейге жіберіп жатыр деген қауесет шындыққа жанаспайды.